Ешқандай жұмыс істемей, 16 миллион теңге алу тәсілі жарияланды

Ешқандай жұмыс істемей, 16 миллион теңге алу тәсілі жарияланды
02:35, 16 Мар.

Кейінгі кезде қаржыгерлер асыл тастарға «табына» бастағандай: айналадағы әлемнің тұрақсыздығы шайқалса болғаны, онда «бағалы металл сатып алуға» жүгіреді. Оны аласапыранға түскен жаһандық айдындағы «тынық айлақ» санайды. Дегенмен тарих мұндай идеяларға белгілі бір сақтықпен қарауды үйретеді.

Өйткені кез келген актив көпшілік оның бағасы әрі қарай да өседі деп сенгенше ғана қымбаттайтынын ескерген жөн. Қарапайым, тұрмыстық мысалдан бастайық. Қазақстан азаматы дәл екі жыл бұрын – 2024 жылдың 13 наурызында 10 миллион теңгеге алтын сатып алды делік.

Сол кезде ҚР Ұлттық банкінің дерегінше, алтынның бір граммы 31 438 теңге тұрған. Бұл сомаға шамамен 318,08 грамм метал сатып алуға болатын еді. Егер сол инвестор екі жылдан кейін – 2026 жылдың 13 наурызында осы 318 граммды нарықта немесе банкке сатса, тіпті Ұлттық банкке кері өткізсе, онда оның қолына шамамен 26 миллион 54 мың теңге санап береді.

Басқаша айтқанда, оның пайдасы екі жылда шамамен 16 миллион теңгені құрар еді, деп жазады inbusiness.

kz. Көптеген адам үшін бұл мінсіз дерлік инвестициялық салым болып көрінуі мүмкін: мұндай табыстылықты банктік депозиттер немесе тіпті мемлекеттік облигациялар да ұсына алмайды. Алайда мұнда бір қарапайым нәрсені есте ұстаған жөн: бұрынғы табыстылық – бұл әрине, әдемі статистика, бірақ ол болашақта міндетті түрде солай болатынын білдірмейді.

Сондықтан бірден ескертеміз: бұл материал тек оқырманды ақпараттандыруды көздейді және қандай да бір инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

Кез келген адам кез келген инвестициялық шешім қабылдамас бұрын мамандармен кеңесе отырып, тәуекелдерін өзі бағалауға тиісті. Оның үстіне Finance.yahoo.com жазғандай, бір шарт орындалса, алтын бағасы мүлде құнсызданып қалуы мүмкін.

Ол қандай шарт? Алтынды жаппай сату адамзат тарихындағы ең ірі қаржылық күйзелістердің бірін тудыруы мүмкін. Алтын бағасының құлдырауынан кейін қалпына келу бірнеше жылға дейін созылуы ықтимал. Әлемде қанша алтын бар Дүниежүзілік алтын кеңесінің бағалауынша, адамзат бүкіл тарихында шамамен 219 880 тонна алтын өндірген.

Сонымен қатар Жер қойнауында барланған қорлар тағы шамамен 132 000 тоннаны құрайды. Яғни, қазіргі бағалаулар бойынша адамзат жерден әлі өндіруге болатын кеннен әлдеқайда көп алтынды алып үлгерді.

Бүгінде алтын үкіметтердің, корпорациялардың және жеке инвесторлардың қолында сақтаулы. Егер ертең бәрі өз алтын қорларын сатуға шешім қабылдаса, әлемдік экономика мен валюталар «күйретуші күйзелістерге» душар болар еді.

Жердегі алтынның нақты мөлшерін анықтау қиын, өйткені оның өндіріс тарихы мыңдаған жылдарға созылады, деп жазады Yahoo Finance. Оның үстіне бұл металдың басым бөлігі банктердің сейфтерінде жатқан жоқ.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, алтын қор құрылымы бойынша болжам келесідей: • Зергерлік бұйымдар түріндегісі – шамамен 98 000 тонна (әлемдік алтын нарығының 44%-ы); • Алтын құймалары, монеталар және биржалық қорлар (ETF) түрінде – шамамен 51 000 тонна (23%); • Шамамен 38 600 тонна орталық және ұлттық банктерге тиесілі (18%); • Мемлекеттік резервтерде – 54 000 тонна алтын сақтаулы; • Басқа санаттар – 32 600 тонна (15%); • Барланған алтын ресурстары – 132 000 тонна.

Мұнда маңызды бір жайт бар.

Акциялар немесе облигациялардан айырмашылығы, алтын толық көлемде нарықта саудаланатын актив емес. Бұл бағалы металдың орасан бөлігі – сейфтердегі зергерлік бұйымдар, коллекциялық монеталар немесе қоймада ондаған жылдар бойы қозғалыссыз жата беретін мемлекеттік резервтер.

Яғни, алтын нарығындағы ұсыныс – бүкіл алтынның тек шағын бөлігі ғана. Осы орайда кейде экономикалық ортада, соның ішінде Yahoo Finance-та талқыланатын сценарийді елестетейік: бір күні бүкіл алтын кенеттен нарыққа шығарылса не болады? Алтынды жаппай сату тарихтағы ең ірі қаржылық күйзелістердің бірін туындатар еді.

Бірінші реакция 2026 жылғы 15 наурызда алтын бағасы бір унциясы үшін шамамен 5020 долларды құрады. Салыстырсақ, наурыздың басында ол шамамен 5300 долларға дейін шығандаған болатын.

Егер нарықта бір мезетте шамамен 200 мың тонна алтын саудаға қойылса, онда ұсыныс сұраныстан ондаған есе асып түсіп, алапат дағдарыс туғызады. Бірінші реакция, ең алдымен, бағалардың күрт құлдырауы болар еді.

Қаржы нарықтары мұндай көлемдерді игере алмасы мәлім, сондықтан кейбір биржалар дүрбелеңді тежеу үшін сауданы уақытша тоқтатуға мәжбүр болады. Қолында алтын құймалары бар инвесторлар өз активтерінің құнының тез төмендеп бара жатқанын байқап, абыржуға бой алдыруы мүмкін.

Дилерлер мен банктер жаңа бағаны дұрыс бағалай алмағандықтан, уақытша сатып алуды тоқтатары сөзсіз. Алайда бұл бейберекет хаос ұзаққа созылмас еді. Мұнда нарықтың классикалық қисыны іске қосылады.

Егер баға күрт төмендесе, оны «тым арзан» деп санап, алып қалуға тырысатын адамдар әрқашан табылады. Инвесторлар болашақтағы өсімді есепке алып, металды белсенді түрде сатып ала бастайды. Нәтижесінде, осы сұраныс арқылы біртіндеп нарықты тұрақтандырар еді.

Мысалы, бүкіл әлемде миллиондаған адам 2009 жылы бағасы тіпті бір центке де татымаған кезінде биткоинды сатып ала алмағанын өкінішпен еске алатын шығар. Әсіресе 2010 жылдың мамыр айы жиі еске алынады: сол кезде 10 000 BTC-ке екі пицца сатып алынған тарихи оқиға тіркелді.

Өйткені 1 монетаның бағасы шамамен 0,0025 доллар болған. Бұл оқиға криптовалюта әлемінде әлдеқашан аңызға айналды: уыстан сусып кеткен мүмкіндіктің символы саналады.

Егер биткоин кенеттен қайтадан сол ұмыт бола бастаған деңгейлерге дейін құлдыраса, ескі психологиялық гештальтты жабу үшін деп, оны сатып алуға дайын мыңдаған адам табылары сөзсіз. Бұл ретте биткоин жай ғана цифрлық валюта, ал, алтын – қолға ұстап көруге болатын асыл метал.

Ендеше алтын жағдайында апат драмаға толы болуы мүмкін, бірақ шексіз созылуы неғайбыл. Орталық банктер мен нарықтардың реакциясы Мұндай жағдайда ерекше рөлді орталық банктер (Қазақстанда – Ұлттық банк) атқара алар еді.

Олар әлемдік алтын резервтерінің едәуір бөлігіне ие және дағдарыс жағдайларында әрекеттерді өзара үйлестіру тәжірибесіне ие. Теориялық тұрғыдан алғанда, үкіметтер бағалардың орасан зор құлдырауын болдырмау үшін алтынның бір бөлігін сатып алу туралы келісімге келе алар еді.

Мұндай ұжымдық әрекеттер қаржы нарықтарында жүйені тұрақтандыру қажет болған кезде бұрын да қолданылған. Бұл экономикаға қалай әсер етер еді Алтын бағасының күрт төмендеуі көптеген салалар мен инвесторларға әсер етер еді: • тау-кен өндіруші компаниялар, зергерлік бұйым өндірушілер және алтынды шикізат ретінде пайдаланатын өндіріс орындары зардап шегер еді; • алтын өндіруші корпорациялардың акцияларының құны төмендер еді; • алтынмен байланысты ETF және инвестициялық қорлар құнсызданар еді; • шикізат пен зергерлік өнімдердің бағасы өзгерер еді; • жалпы алғанда, көптеген тауарлар мен қызметтердің бағасы төмендеуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, мұндай күйзелістің салдары тек бағалы металдар нарығымен ғана шектелмей, әлдеқайда кең таралар еді.

Тарихи мысал: «Күміс бейсенбі» Тарихта ұқсас баға құлдырауының мысалы бар – бірақ ол алтын нарығында емес, күміс нарығында болған.

1970-ші жылдардың соңында америкалық миллиардерлер Нельсон Банкер Хант пен Уильям Герберт Хант күмістің орасан көлемін сатып алды.

1979 жылдың соңына қарай олар әлемдік күміс қорларының шамамен үштен бірін өз бақылауында ұстады. Сол кезде күмістің бағасы бір унция үшін шамамен 25 долларға дейін көтерілді.

Алайда COMEX тауар биржасы ағайынды Хант сияқты инвесторларға шикізат тауарларын, соның ішінде күмісті маржа арқылы (яғни инвестиция үшін қарыз ақшаны пайдалану арқылы) сатып алуға кедергі жасау мақсатында сауда ережелерін күрт өзгертті.

Брокерлер мәмілелер бойынша күмістен басқа қосымша кепілзаттарды талап етті, алайда ағайынды Ханттар қарыздарын тез қайтаруға дайын болмай шықты. 1980 жылдың 27 наурызында тарихқа «Күміс бейсенбі» деген атпен енген оқиға болды.

Металл бағасы бір күннің ішінде шамамен 50%-ға құлап, бір унция үшін 11 доллардан төмен деңгейге түсті. Бұл қаржы нарықтарының эйфориядан дүрбелеңге қаншалықты тез ауыса алатынын көрсететін классикалық мысал. Қалпына келу қанша уақытқа созылар еді Алтын бағасының құлдырауынан кейін қалпына келу бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.

Бағаның төмендеуі жаңа сатып алушыларды тартар еді. Өз кезегінде өндіруші шахталар өндірісті қысқартады, осылайша сұранысты арттырып, ұсынысты азайтар еді.

Алтын тарихи тұрғыдан сенімді табыс көзі болып есептеледі. Экономикалық белгісіздік кезеңдерінде инвесторлар оны жинақ құралы ретінде пайдаланады. Бұл жаңа сатып алушыларды тартып, алтын бағасының қайта қалпына келуіне көмектесер еді.

Бұл металдың сондай-ақ физикалық және өндірістік құндылығы бар: ол электроникада, зергерлік өнеркәсіпте, медицинада қолданылады. Сондықтан баға айтарлықтай құбылған күннің өзінде, алтын әдетте белгілі бір құндылығын сақтайды, деп жазады «Финам».

Бір гәп бар. Әлемде алтын бітіп қалғалы жатыр деп дүрлігуге негіз жоқ. Біз әлі күнге дейін планетада қанша алтын барын нақты білмейміз. Ірі қорлар мұхит түбінде, тау массивтерінде немесе мұздықтардың астында жатуы мүмкін.

Егер болашақта өндіру технологиялары түбегейлі өзгеріп, металдың орасан жаңа көлемдері қолжетімді болса, бұл нарықтың тепе-теңдігін едәуір өзгертуі мүмкін. Бірақ әзірге бұл экономикалық шындықтан гөрі геологиялық гипотезалардың тақырыбы болып қала береді.

Рубрика: Автомобили. Читать весь текст на inbusiness.kz.

 

Armenia to Receive €120 Million Loan and €15 Million Grant from KfW Bank for Power Grid Connection with Georgia YEREVAN, March 12. /ARKA/. At a meeting on Thursday, the Armenian government approved the signing of a €120 million loan agreement with the German ba...

Rossiyada tug‘ilish darajasi qiyinligicha qolmoqda – vazir Rossiyaning demografik holati hali ham qiyinligicha qolmoqda. Rossiya Federatsiyasi Mehnat va aholini ijtimoiy muhofaza qilish vaziri Anton Kotyakovn...

Ukrainada jang qilgan qoraqalpog‘istonlikka nisbatan hukm o‘zgarmadi Qoraqalpog‘iston Respublikasi jinoyat ishlari bo‘yicha sudlov hay’ati apellyatsiya tartibida ko‘rib chiqqan ishda To‘rtko‘l tuman sudining 2025-yil 1...

Pakistanla Hindistan niyə düşməndir? Hindistan və Pakistan bir-birinə hər zaman düşmən olmayıblar. Onlar 1947-ci ildə eyni ölkədən yaranıblar.Oxu24.com xəbər verir ki, Britanya-Hindistan...

ORUC İnsan Bədənində Nələr Edir? BİLİNMƏYƏN FAKTLAR Oruc tutan zaman insan bədənində nə baş verir? Saatlarla ac qalmaq bədənimizdəki hansı xəstəlikləri sağaldır? Və orqanlarımızın bu aclığıa reaksiyası...

В Бишкеке застрелился замглавы службы судоисполнителей: ГУВД рассказало подробности Материал подготовлен K-News. Копирование или частичное использование возможно только с разрешения редакции K-News.В Бишкеке произошло трагическое соб...

Нацбанк продлил разрешение на вывоз наличной иностранной валюты до 1 октября - В соответствии с решением правления Нацбанка были внесены изменения в постановление «О временном разрешении на вывоз неветхой наличной иностранной ...

14 наурыз – Көрісу күні STEPPENEWS.KZ: Көктемнің лебін сездіріп, адамдарды бір-біріне жақындататын ерекше мейрамдардың бірі – Көрісу күні. Қазақ арасында «Амал мерекесі» деп...

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді STEPPENEWS.KZ: Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Ақордада Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуына арналған жұмыс кеңесі өтті. Мемлекет басшысы ...

“Cehennem Kapısı”: Dünyanın En Tehlikeli Bölgesi Nerede? Hayal edin: başka bir gezegendesiniz — yerin altından zehirli buharlar fışkırıyor, uçsuz bucaksız çöl toprakları ise tuz ve asit tabakalarıyla kaplı....

Guli Asalhocaeva ailesi, oğlu ve gelinleri hakkında açık konuştu Ünlü şarkıcı Guli Asalhocaeva, “Omon-omon” programına konuk olarak davet edildi ve aile hayatına dair ilginç anılarını paylaştı. Sanatçı, oğlunun Jah...

Komaya düşməzdən əvvəl nə baş verib? – Qənirə Paşayevanın bacısı bütün iddiaları cavablandırdı Danışdığımız ünvana çatıb müsahibimlə əlaqə saxlayıram. Qapını bizə Kəmalə Paşayevanın özü açır. İçəri girəndə otaqda ilk olaraq Qənirə Paşayevanın f...

Azərbaycanda daha bir dövlət qurumu ləğv edildi Naxçıvan Muxtar Respublikasının İqtisadiyyat Nazirliyi yanında Antiinhisar və İstehlak Bazarına Nəzarət Dövlət Xidməti ləğv edilib. YENİERA.az Trend-...

DİM sədrinin müsahibəsinə SƏRT REAKSİYA - “Məgər siz imtahanın martda keçirilməsini əsaslandıra bilmisiniz? Jurnalist Mikayıl Mirzəzadə yazır… DİM sədri Məleykə Abbaszadə martın 9-da keçirilən imtahanla bağlı müsahibə verib. Müsahibə zamanı deyib ki, indiyə...

“Gates of Hell”: Where Is the Most Dangerous Place on Earth? Imagine: you are on another planet — poisonous gases shoot from beneath the ground, the endless desert soil is covered with layers of salt and acid. ...

Guli Asalxo‘jaeva openly spoke about her family, son, and daughters-in-law Famous singer Guli Asalxo‘jaeva was invited as a guest to the “Omon-omon” program and shared interesting memories about her family life. During the c...

Qlobal Bakı Forumunda rəqəmsal gələcək müzakirə edilib XIII Qlobal Bakı Forumu çərçivəsində “Rəqəmsal gələcək: süni intellekt, idarəetmə və innovasiyanın etikası” mövzusunda panel müzakirəsi k...

Asus представил игровые OLED-мониторы серии ROG Strix с защитой от выгорания Каталог компании Asus пополнился тремя новыми игровыми OLED-мониторами серии ROG Strix: XG27AQDMG Gen2, XG27ACDMS и XG27AQDMES. Все новинки получили ...

Azercell поддерживает развитие женского творчества Azercell продолжает поддерживать инициативы, направленные на продвижение гендерного равенства и расширение возможностей женщин. В рамках этой деятель...

Тарихқа жазылған финал: Суперкубок шежіресіндегі жаңа белес Елордадағы Астана Арена стадионында өткен маусымашар матчта Қайрат пен Тобыл Суперкубок үшін тартысты бәсеке өткізді, деп хабарлайды Yersport.kz. Кез...

«Толық рестарт: «Ақтөбе» жаңа инвестормен жаңа маусымға қалай кіріп жатыр?» 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекеменшік басқаруға көшіру туралы бастама көтергеннен кейін, инвестор тапқан алғашқы клубтардың бірі ...

5G միացնելու պատրվակով գողանում են տվյալներ և գումարներ. ՀՀ ԿԲ-ն նախազգուշացրել է հեռախոսային զեղծարարությունների աճի մասին ԵՐԵՎԱՆ, 13 մարտի․/ԱՌԿԱ/․ ՀՀ կենտրոնական բանկը նախազգուշացրել է հեռախոսային զեղծարարությունների աճի մասին և զգոն լինելու կոչ արել։ Ըստ բանկի ներկայացր...

Վայոց ձորի խոհանոցն ու մշակույթը մեկ վայրում. «Ընկուզենու տակ» (ՎԻԴԵՈ) ԵՐԵՎԱՆ, 13 մարտի․/ԱՌԿԱ/․ Եղեգնաձորում գտնվող «Ընկուզենու տակ» անվամբ իր հյուրատանը Լիլիթն արդեն ութ տարի է, ինչ ընդունում է հարյուրավոր հյուրերի՝ ներ...

14 наурыз – Көрісу күні: Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды Елімізде жалпыұлттық «Наурызнама» декадасы басталды. Бүгін Амал мерекесі тойланып жатыр. 14 наурызда Қазақстанның батыс өңірлерінде Көрісу ...

Трамп ғалаба ҳақида гапирди: Эроннинг ҳақиқий кучи сирлигича қолмоқда Яқин Шарқдаги геосиёсий вазият тасаввур қилиб бўлмас даражада кескинлашди. Оқ уй раҳбари ғалаба ҳақида баёнот бераётган бир пайтда, воқеалар ривожи м...

“Жаҳаннам эшиги”: Ер юзидаги энг хавфли ҳудуд қаерда жойлашган? Тасаввур қилинг: сиз бошқа сайёрадасиз — ер остида заҳарли буғлар оловдек чиқмоқда, чексиз чўл тупроғи эса туз ва кислотали қатламлар билан қопланган...

2026 жылы қазақстандықтарға 112 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді 2026 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа тол...

Тауарлардың ұлттық каталогында өнім көлемі 20 млн позицияға дейін ұлғайды: Қаржы министрлігі мемлекеттік деректер базасының отандық цифрлы экономиканы дамытудағы рөлі туралы айтып берді ҚР Қаржы министрлігі еліміздегі тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы жүйесін қалыптастыруды көздейтін – «Тауарлардың ұлттық каталогы» (ТҰК) жобас...

Nahid Canbaxışlı haqqında - ŞƏMSİ QOCA YAZIR Həyatın ən böyük zəfəri yıxılmamaq deyil, hər yıxılanda atanın ‘Heç vaxt başıaşağı olma!’ nəsihətini bayraq edib y